АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы екі күнде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ал 10 ақпаннан кейін бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады.
"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, республикадағы ауа райына әсер еткен антициклон Батыс Сібірге қарай баяу ығысуда, онымен бірге аяздың да беті қайта бастады. Оның орнына Қазақстанның солтүстік-батыс аудандары биік циклонның ықпалында болады.
"Сондықтан алдағы екі тәулікте республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. 10 ақпанда жағдай өзгереді, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық облыстарда қар жауып, боран соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с барады", — делінген хабарламада.