Қоғам

Петропавлдық "Тайсон" қарсыласының құлағын тістеп, жұлып алды

© Sputnik / Табылды КадырбековТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Петропавл тұрғынына 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Петропавлда әкімшілік сот төбелес кезінде қарсыласының құлағының бір бөлігін тістеп, жұлып алған ер адамға қатысты істі қарады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық соттың баспасөз қызметі.   

Іс материалында баяндалғандай, 2017 жылдың 16 желтоқсанында таңғы сағат 4-тің шамасында "Basilic" стейк-хаус ғимаратының жанында ер адам төбелес кезінде зардап шегушінің оң жақ құлақ жарғағының бір бөлігін тістеп, жұлып алып, маңдайын жарған және өзге де жарақат келтірген.   

"Осылайша ол жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірген. Зардап шегуші татуласудан бас тартты. Айыпталушы кінәсін толық мойындады ", — деп хабарлады сот.

Сот айыпталушыны әкімшілік құқықбұзушылық жасады деп танып, оған 15 АЕК (36 мың 75 теңге) көлемінде айыппұл салды.   


Жаңалықтар
0