Өңірлер

Атырауда Алматы тұрғыны науқас қыздарды күштеп жезөкшелікке салған

© Photo : ДВД АлматыЖеңіл жүрісті қыздар
Жеңіл жүрісті қыздар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
48 жастағы ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Сот Атырауда жезөкшелер ордасын ашқан Алматы тұрғынына үкім шығарды, деп жазды "Ақжайық".

Жезөкше - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана вокзалында жезөкшелер ордасын құрған "жеңгетай" мен сыбайластары сотталды
Атырауда 48 жастағы алматылық сырттан келген әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.  

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам қыздарды өзімен бірге жалдамалы пәтерге алып барып, жезөкшелер ордасын ашқан. Жыныстық қызмет көрсетуден түскен ақшаның негізгі бөлігін өзі алып отырған. Сондай-ақ қыздардың бірі  туберкулезбен ауыратыны, енді бірі 2016 жылдан бері "сифилис"диагнозымен есепте тұратыны белгілі болды.  

Сот азамат А.Е.-ні ҚР ҚК 194-бабы (бопсалау) бойынша кінәлі деп тауып, алты жылға бас бостандығынан айырды. Ер адам кінәсін мойындамай, үкімге шағымданатынын жеткізді.   


Жаңалықтар
0