Оқиға

Шымкентте қарақшылар әжейдің алқымын алмаспен тіліп кетті

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАлмас. Архивтегі фото
Алмас. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен қала тұрғынының сөзінше, жігіттер оған тап беріп, ақша талап еткен

АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Шымкентте қарақшылар қарт әжейді үйінің ауласында алқымын алмаспен тіліп кетті. Сұмдық жағдай бүгін таңғы сағат сегіздер шамасында болған, деп хабарлады Otyrar.kz

Кісен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Бизнесменнің отбасына қарақшылық шабуыл жасаған Шу тұрғыны ұсталды
Қалтасында көк тиыны жоқ зейнеткерді қарақшылар алдымен бетін, кейін тамағын алмаспен тіліп кеткен.

"Есік алдында тұрған едім, бір-екі жігіт келді. Менен ақша сұрады. Ақша жоқ деген едім, алдымен ернімді тілді. Кейін тамағымды тіліп кетті. Ары қарай есімде жоқ. Мен ол адамдарды танимын. Мені қинап болған соң, немереме де тиісті", — дейді ол.

Абырой болғанда, қарт кісінің жарақаты жеңіл болған. Дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өміріне келер қауіп жоқ. Ал әжейдің өзі бұл жағдай бойынша полиция бөліміне арыз түсірді.


Жаңалықтар
0