Спорт

Головкинді жеңу үшін "түртіп" қойып, қашып жүру жеткіліксіз – Санчес

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Санчестің пікірінше, егер Альварес сөзінде тұрса, екінші жекпе-жек мүлдем басқаша өрбуі мүмкін

АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альварес бұл жолы өз уәдесін орындап, GGG-мен ашық айқасқа шыққанын қалайды, деп хабарлайды Sports.kz

Бақтияр Артаев - Sputnik Қазақстан
Спорт
Бақтияр Артаев: Головкин жеңіске жете алмайды-ау деген күмәнім бар
Бұған дейін "Канело" екінші жекпе-жекте қазақстандықты нокаутқа түсіріп, төрешілерді жұмыссыз қалдыратынын  мәлімдеген еді. 

"Канело" алғашқы жекпе-жектің алдында айтқанын қайталады. Бірақ ол қашумен болды, тіпті GGG-ді нокаутқа түсіруге тырысқан да жоқ. Енді тағы да батырсынып отыр. Егер Альварес сөзінде тұрып, айтқанын орындаса, екінші жекпе-жек мүлдем басқаша өрбуі мүмкін. Головкинді нокаутқа түсіремін деген адам әрекеттену керек. Әлемнің үздік боксшысына қарсы жекпе-жекте бірдеңеге қол жеткізу үшін "түртіп" қойып, қашып жүру жеткіліксіз", — деп мәлімдеді Санчес The Ring-ке берген сұхбатында.

GGG мен "Канело" реваншы 5 мамырда өтеді.  


Жаңалықтар
0