Мәдениет

Көзден таса жүрген Тұңғышбай Жаманқұлов ел алдына шықты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоТұңғышбай Жаманқұлов
Тұңғышбай Жаманқұлов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халық әртісі өткен жылы істі болып, 3,5 жылға шартты түрде сотталған болатын

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Былтыр мемлекеттік қаржыны жымқыру ісі бойынша айыпты деп танылған белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов көптен көрінбей кетіп еді. Бірер күн бұрын ол композитор Алтынбек Қоразбаевтың мерейтойында бой көрсетіп, ел алдына шықты. 

Алтынбек Қоразбаевтың 70 жас мерейтойына арналған кешке қазақ өнерінің майталмандары жиналды. Сазгерді құттықтауға Асанәлі Әшімов, Нұрғали Нүсіпжан, Мұрат Құсайынов, Мақпал Жүнісова, "МузАРТ" әншілері келген. 

Өткен жылдың маусымында Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильміне бөлінген мемлекеттік қаржыны жымқыру ісі бойынша айыпты деп танылып, 3,5 жылға шартты түрде сотталды. Ол фильмнің продюсері, әрі "Қазақфильм" кино түсіруге қаржы бөлген компанияның құрылтайшысы болған еді.


Жаңалықтар
0