Қоғам

Ұялы телефон мен қатерлі ісіктің дамуы арасындағы байланыс анықталды

© Sputnik / Игорь Руссак / Медиабанкке өтуҰялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экспериментке қатысқан еркек егеуқұйрықтардың жүрек тамырларын қоршап тұратын тіндерінде ісік пайда болған

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. АҚШ ғалымдары елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігі қолға алған Токсикология ұлттық бағдарламасы аясында ұялы телефондардан таралатын радиосәулелену егеуқұйрықтардың еркегінде қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды РИА Новости

Шұжық - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар шұжық пен сосискадан қатерлі ісік пайда болатынын анықтады
Ғалымдар бір топ тышқан мен егеуқұйрыққа тәулігіне тоғыз сағатқа дейін радиосәулелену қаншалықты әсер ететінін зерттеп көрді. Кеміргіштерге жасалған ғылыми тәжірибе екі жылға дейін созылды. Зерттеудің алдын ала нәтижелері бағдарламаның сайтында жарияланды, оларға наурызда пікір білдірілмек.

Ғалымдар экспериментке қатысқан еркек егеуқұйрықтардың жүрек тамырларын қоршап тұратын тіндерінде ісік пайда болғанын атап өтті. Тышқандар мен ұрғашы егеуқұйрықтарда бұл әсер байқалмаған. Сонымен қатар, егеуқұйрықтардың "жүрек бұлшық етінің белгісіз дертіне" шалдығу көрсеткіші артып кеткен.

"Зерттеу кезіндегі радиосәулеленудің қуаттылығы мен оның ұзақтығы ұялы телефонды ең жиі қолданатын адамдарға берілетін радиациямен салыстырғанның өзінде едәуір көп болды, сонымен қатар ол кеміргіштердің денесіне тұтастай әсер етті", — деп түсіндірді зерттеу авторларының бірі Джон Бучер. 

Ол эксперименттің нәтижелерін адамдарға қатысты қорытынды жасауға пайдалануға ерте екенін атап өтті.   


Жаңалықтар
0