АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық сотында Омск қаласында оқитын студентті өлтірді деген күдікпен ұсталған 21 жастағы жігіттің соты басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тергеудің мәліметінше, Омск мемлекеттік университетінің екінші курс студенті Тимур Павлодардағы үйіне үш күнге келген, содан кейін Ресейге оқуға кетуді жоспарлайды. Өкінішке қарай, жас жігіттің сапары қайғылы оқиғамен аяқталды.
Үйінде ішкілік ішіп отырған павлодарлық Мадияр эфирге шыққан өзінің танысы екенін байқап қалған. Ол қызға қоңырау шалып, түн ортасында қыдырып жүргеніне ашуланған. Қыз үйге бара жатырмын деп жауап береді. Осы кезде жүргізуші қыздан қоңырау шалған кім екенін және неліктен біреудің шаруасына араласып жатқанын сұрайды. Бәрін естіп тұрған Мадиярға бұл ұнамай қалған. Жүргізуші мен Мадиярдың таныс қызының арасында жанжал шығып, қыз жарты жолда құрбыларымен бірге көліктен түсіп қалады.
Алайда бәрі мұнымен бітпеген. Мадияр таныс қызынан жігіттердің нөмірін алып, жүргізушіге қоңырау шалып, қыздарды жеткізіп салмағаны үшін балағаттайды. "Проблеманы" шешу үшін үйіне шақырады. Көлік иесі бұл туралы қалған жолаушыларға айтып, оның ауласына келеді.
Мадияр, кейіннен тергеуге түсіндіргендей, "дұшпандарын" қорқыту үшін үйден бәкі алып шыққан. Телефонда шыққан жанжал аулада жалғасады. Көлік жолаушылары да сыртқа шығып, ерегісті сырттай бақылап тұрады. Осы кезде жанжал шығарушының бір сөзіне Тимур күліп жіберген. Бұған ашуланған Мадияр көлік иесімен араздасқанын ұмытып, студентке тұра ұмтылады.
Жігіттер зардап шегушіні ауруханаға жеткізген, алайда дәрігерлер оның өмірін арашалап қала алмады.
Мадияр "Кісі өлтіру" бабы бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тимурдың туыстары Мадиярға ең қатаң жазаны кесуді талап етіп отыр. Сонымен қатар, өлген жігіттің әкесі бір жарым миллион теңге материалдық және бес миллион теңге моральдық шығын өндіріп алмақ.
Күдікті Павлодар дәмханаларының бірінде аспаз болып жұмыс істеген. Бұған дейін заң бұзбаған.