Қоғам

Астанада дүние есігін ашқан әр балаға бір ағаштан отырғызылады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуКөшет
Көшет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Акция қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруды, жастарды игілікті істер жасауға шақыруды көздейді

АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Саналы Азамат" жобасы аясында 2018 жылдың соңына дейін "Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан" атты экологиялық акцияны өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Сенбілік - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанада экологиялық айлық кезінде алты мыңнан астам ағаш отырғызылады
2018 жылдың алғашқы күндерінен бастап елорданың денсаулық сақтау нысандарының перзентхана бөлімдері дүние есігін ашқан нәрестелерге ішінде отырғызылған ағаштардың сызбасы мен құттықтау буклеттері бар конверттерді табыстауда. Астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу мен денсаулық сақтау басқармалары бірлесіп жүзеге асырып жатқан "Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан" акциясы қоғамды қоршаған ортаны қорғауға, тарихи дәстүрді сақтауға шақыруды, экологиялық білімді іс жүзінде насихаттауды, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға, салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілік сезімін оятуды, қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруды, жастарды ел игілігі үшін игі істер жасауға шақыруды көздейді.

Экологиялық акцияны ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, елордада туған нәрестелердің құрметіне отырғызылған көшеттер "Астана қаласының жасыл белдеуінің" аумағында орналасады. 

"Экологиялық науқанға дайындық 2017 жылы басталды. Оның аясында құттықтау хаттарын, нөмірлері бар ағаштардың орналасу схемаларын әзірлеу, "Астана қаласының жасыл белдеуінің" аумағында 4-5 жыл бұрын отырғызылған биіктігі бір метрге жуық көшеттер бар учаскелерді анықтау сияқты қыруар жұмыс атқарылды. 

Астанадағы сенбілік кезінде Sputnik Казахстан қызметкерлері ағаш отырғызды - Sputnik Қазақстан
Астанадағы сенбілік кезінде Sputnik Казахстан қызметкерлері ағаш отырғызды
1 ақпандағы жағдайға сәйкес жасыл белдеудің орындау сызбасы бойынша "Қарқаралы" тас жолы жағынан орналасқан "қарапайым шегіршін" көшеттері бар біріншіден жетіншіге дейінгі ықтырмалар анықталды. Экологиялық акцияға барлығы 35 ықтырма бөлінді", — деп мәлімдеді Астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында. 

Айта кетейік, "Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан" акциясы басталғалы Астана қаласының №1, №2, №3 Перинаталды орталықтарында дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына 1704 құттықтау хаты тапсырылды.


Жаңалықтар
0