Қоғам

Фируза Шәріпова өз портретін мың долларға сатып алды

© Sputnik / Айгюзель КадирФируза Шәріпова
Фируза Шәріпова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атақты қазақстандық суретші "Халықтың сүйіктісі" жүлдесі иегерлерінің порттертін жасады

АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова аукционда өз портретін мың долларға сатып алды. 

Фируза Шарипова - Sputnik Қазақстан
Спорт
Фируза Шәріпова: чемпиондық атаққа туған жерімде таласу мен үшін үлкен құрмет
Елордалық суретші Валерий Крестниковтың картиналары дәстүр бойынша "Халықтың сүйіктісі" жүлдесін марапаттау салтанаты өткеннен кейін сатуға қойылды.  

Картиналарды сатудан түскен қаржының бір бөлігі онкологиялық ауруға шалдыққан қыздарды емдеуге берілмек.  

"Картинаны не істейтінімді әзірге білмеймін. Оны картина ретінде емес, балаға көмектесу үшін сатып алдым. Әрине, ол өте әдемі және жанға жағымды. Алайда адамның денсаулығы бәрінен маңызды",- деді Шәріпова.

Аукционда сондай-ақ әнші Данэлия Төлешованың портреті сатылды. Оны тележүргізуші Динара Сәтжан сатып алды.  

© Sputnik / Айгюзель Кадир Данэлия Төлешованың портреті
Данэлия Төлешованың портреті  - Sputnik Қазақстан
Данэлия Төлешованың портреті

Шәріпова мен Төлешоваға бұдан бұрын "Халықтың сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің "Жыл спортшысы" және "Жыл құрметтісі" номинациялары тапсырылған болатын. 


Жаңалықтар
0