АСТАНА, 3 ақпан — Sputnik. Аязда балконға қамалып қалған қарт әйелді құтқарушылар шығарып алды, деп хабарлайды Қарағанды облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, Пришахтинскіде екі жастағы бала алпыс бестегі әжесін үшінші қабаттағы балконға қамап тастағаны туралы хабар келген.
Департаменттің мәліметінше, ересектер балконға шыққан кезде артынан кішкентай сәбилер де ілесіп, кейін балконның есігін байқаусызда жауып алатын жайттар жиі кезігіп тұрады.
Бұл жағдайда екі жастағы сәби пәтерде жалғыз қалыпты, ал әжесі газ пеште тамақ әзірлеп жатқан екен.
Құтқарушылар жарты сағаттай балконда сырт киімсіз тоңып тұрған қарт әйелді шығарып алды, әжейге дәрігерлердің көмегі қажет болған жоқ.