Спорт

Кукушкин Дэвис кубогінде швейцариялық Бодмерді жеңді

© Photo : Андрей Ударцев/Федерация тенниса КазахстанаМихаил Кукушкин мен Адриан Бодмер
Михаил Кукушкин мен Адриан Бодмер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Попко Қазақстан құрамасына бір ұпай әкелген еді

АСТАНА, 3 ақпан — Sputnik. Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Дэвис Кубогінде швейцариялық Адриан Бодмерді ұтты, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

"Михаил Кукушкиннің тамаша жеңісі! Адам сенгісіз, төбеміз көкке жеткендей болды! Миша Адриан Бодмерді 3:6; 6:3; 6:2 6:3 есебімен ұтты", — делінген федерацияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Бұдан бұрын қазақстандық теннисші Дмитрий Попко елдің ерлер құрамасының қоржынына 1/8 финалда бір ұпай салған еді.

Жаңалықтар
0