Мәдениет

Әлпиев: Қазақстанда Біржан сал партиясын орындайтын ешкім жоқ

© www.astanaopera.kz"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры
Астана Опера мемлекеттік опера және балет театры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төлеубек Әлпиев театрдағы кадр мәселесін көтерді

АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстанда Біржан сал партиясын халықаралық деңгейде орындайтын тенор жоқ. Бұл туралы бүгін "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры директорының бірінші орынбасары Төлеубек Әлпиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

АРТиШОК театрындағы Ұят спектаклі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық әртістер «Ұлы дала театры» атауымен Еуропаға аттанады
"Өкінішке қарай, Қазақстанда Біржан сал партиясын халықаралық деңгейде орындайтын тенор жоқ. Бұрын болған, Абай атындағы театрда ағаларымыз болды. Қазір Біржанды орындайтын әртіс таппайсың. Орындаушылар жоқ емес, бар, бірақ халықаралық деңгейде орындай алатын ешкім жоқ. Себебі Біржанның партиясы өте қиын, "Аидадағы" Радаместен, Каварадоссиден кем емес. Сондықтан драмалық тенорға келгенде, қиналамыз. Шетелден шақыруға мәжбүрміз. Бұл да кадрдың жоқтығынан туындап отырған мәселе", — дейді театр директорының бірінші орынбасары ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Әлпиевтің айтуынша, жас тенорлар болғанымен, олар сахнада Біржан сал образын толығымен аша алмайды. 

"Даусы зор жастарымыз бар. Бірақ Біржан сал партиясын орындау үшін бұл жеткіліксіз. Олар ноталарды формалды түрде орындап шығуы мүмкін, бірақ өнер саңлағының бар болмысын аша алмайды. Көрермен тұлғаның қайғы-мұңын көре алмайды. Біржан партиясын орындау үшін өмірлік тәжірибесі мол, шынымен талантты адам керек. Жастарымыз бар, алайда сәл уақыт керек", — деді ол. 

Театр өкілі кадр мәселесінен бөлек, режиссурадағы проблемаларды қозғады.

Жаңалықтар
0