Саясат

Сағынтаев цифрландыру туралы: артта қалғанымызды көріп отырмыз

© Sputnik / Серикжан КовланбаевБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның премьер-министрі қағазбен жұмыс істеуді ескіліктің белгісі деп атап, цифрландырудың заманауи үрдіс екенін айтты

АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі" атты форумда мемлекеттің қоғамның цифрлық қызмет көрсетулерге деген сұранысын қанағаттандыра алмай отырғанын мәлімдеді.

Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ұлыбритания үкіметінің кеңесшісі Қазақстанға кеңес берді

Үкімет басшысының сөзіне сүйенсек, 10 жыл бұрын Қазақстанның электронды қызмет көрсетулерді енгізуі елеулі төңкеріс болған еді, ал қазір жаңа ұмтылыстар қажет.

"Қазіргі қоғам біз ұсынып отырған мүмкіндіктерге қанағаттана ма? Қоғамның қойған талабынан артта қалғанымызды көріп отырмыз. Сол себепті жұмысымызды қайта қарап, алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетулерді 80 пайыз электронды форматқа көшіреміз деп алдымызға биік мақсат қойдық", — деді Қазақстанның үкімет басшысы.

Сағынтаев атап өткендей, Қазақстанның үкіметі, барлық өңірі мен кәсіпкерлер қауымдастығы осымен екінші жыл күн тәртібіне цифрландыру мәселесін қойып келеді.

Сонымен бірге, үкімет басшысы еске сала кеткендей, 2020 жылға дейін ауыл халқын түгелдей интернетпен қамтамасыз ету жұмысы аяқталмақ.  

"Цифрлы қоғамға ауысу заманауи үрдіс болуы тиіс. Қағазбен жұмыс істесең, артта қалдың деген сөз, көне тас ғасырында жүргеніңмен тең, қазір оны ешкім қолданбайды – сәннен шығып қалды. Бүкіл қоғам соған қол жеткізсе дейміз", — деді премьер-министр.

Жаңалықтар
0