АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Қазақстандағы АҚШ-тың дипломатиялық миссиясы басшысы тілшілерге арналған дөңгелек үстел барысында қазақстандықтар үшін визасыз режим туралы пікір білдірді.
"АҚШ-тың визалық саясаты негізінен көптеген агенттіктерге бағынады: АҚШ үкіметі, мемлекеттік департамент. Біз Америкаға қазақстандықтардың келу мүмкіндігін кеңейткіміз келеді. Қазір он жылға виза беріп жүрміз. Бұрын 5 жылға берілетін. Әрі қарай қалай кеңейтуге болатынын көре жатармыз. АҚШ пен Қазақстан арасында визасыз режим қашан енгізілетін білмеймін, бірақ мұндай режимнің орнатылуын жоққа шығара алмаймын. Бірақ қазір біртіндеп ауқымын кеңейтіп жатырмыз", — деді Джордж Крол.
Айта кетсек, Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапары кезіндегі Дональд Трамппен кездесу барысында қазақстандықтар үшін АҚШ-та визасыз режимнің енгізілуіне үміт артатынын білдірген еді.