АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері Қазақстанның басым аумағында қар жауып, боран соғады, жел күшейеді.
"Алдағы демалыс күндері республиканың бірқатар облысында қар жауып, боран соғады, жел күшейеді. Оңтүстікте көктайғақ болады, тұман түседі", — делінген хабарламада.
"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, дүйсенбі күні ауа температурасы қайта төмендей бастайды. Тек батыс өңірлерде жоғарылап, қалыпты нормадан 3-8 градусқа жоғары болады. Қазақстанның қалған аумағында бұл күндері температура орташа ұзақ мерзімді мәнге жуық болады деп болжанып отыр.