Өңірлер

ШҚО-да сары аурудың таралуына байланысты бас дәрігер қызметінен босатылды

CC0 / valelopardo / Дәрігер
Дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аурухананың бас дәрігері өз кінәсін мойындап, халықтан кешірім сұрады

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Үржар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жексенбай Тілеубердин сары аурудың таралуына байланысты қызметінен шығарылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы коммуникациялар қызметі.

аурухана, архив - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ШҚО-да шағын ауылда 50 бала сары ауруға шалдығып, біреуі қайтыс болды

Бас дәрігер жұмысына салғырттық танытқанын мойындап, халықтан кешірім сұрады.

Бұдан бұрын Шолпан ауылында 12 адамның гепатит А дертіне шалдыққаны туралы белгілі болған. 2017 жылдың қыркүйегінде бірінші науқастың дерті анықталғанда дәрігер қызмет орнында болмай, орта деңгейлі медициналық қызметкерлер емдеу шарасын жүргізген екен.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының бастамасы бойынша, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қаржылық-шаруашылық жағын тексеретін арнайы комиссиялар құрылды. 

Шолпан ауылына облыстық балалар дәрігері мен Семейдің бас жұқпалы аурулар дәрігері арнайы жұмыс тобының құрамымен жіберілді.

Жаңалықтар
0