АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған нәресте тікұшақпен ауруханаға шұғыл жеткізілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің "Қазавиақұтқару" компаниясы баспасөз қызметі.
Берілген ақпаратқа сүйенсек, 31 қаңтар күні таңертең "Еврокоптер-027" тікұшағы санитарлық авиация дәрігерлер бригадасымен Өскеменнен Катон-Қарағай ауданына аттанған. Сәбиге тез арада жәрдем көрсету үшін, Өскемендегі ауруханаға жеткізеді.
"Қазавиақұтқару" мәліметінше, сәбиді дәрігерлердің қарауымен Ана мен бала орталығына апарыпты.