АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басшысы Бағдат Мусин шетелдіктердің Қазақстанда болу ережесін олардың есебінен жеңілдетуді ұсынды. Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазған.
Ол, әсіресе, республикада тұру мерзімін ұзарту үшін шетелдіктердің елден кетіп, қайта келуге мәжбүр екеніне таңғалатынын білдірді.
"Шетелдік азамат елімізде тағы 30-60 күн тұруға рұқсат алу үшін, неге міндетті түрде республикадан бір күнге кетуі керек? Бұл ақылға қонымсыз жайт, олар келіп-кетуге екі күн кетіріп, 300-400 доллар жұмсайды (мәселен, Бішкекке барып-келу). Одан да мемлекетке 100 доллар төлейтіндей ресми ереже шығарсақ қайтеді? Сөйтіп, олар тағы 30-60 күнге қала алады", — деп жазды Мусин.