Қоғам

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

© SputnikБұтақтағы қар
Бұтақтағы қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысында қатты аяз, Маңғыстау, Атырау облыстарында көктайғақ болады

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың батыс аймақтарына фронталды бөліктер жылжиды,  кей жерлерінде қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында 24-29 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер алдағы үш тәулікке болжам жасады
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді –15-20, екпіні 23 м/с жетеді. 

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Маңғыстау облысында көктайғақ болады деп болжануда.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын,  Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түседі. 

Атырау облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады. 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. 

Алматы облысының кей жерлерінде бүгін де қатты аяз болады.


Жаңалықтар
0