Қоғам

Астана әкімдігінде келушінің кім екенін анықтайтын жүйе орнатылды

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана әкімдігі
Астана әкімдігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оператор келушілердің суретін жүйеге жүктеп отыратын болады

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik.  Астана әкімдігінде жаңа өткізу жүйесі орнатылды.

"Астана Innovation" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаевтың сөзіне сүйенсек, ғимараттың алдында бұдан былай кезекке тұру болмайды.

"Бұл жүйе қала әкімшілігін жалпылама өзгерту жобасының бір бөлігі. Технология бәріңізге белгілі "Сергек" жүйесінің негізінде жасалған, яғни бұл 100% қазақстандық өндіріс", — деп жазды Сартаев Facebook парақшасында.

Жаңа ережеге сай, келушінің суретін оператор жүктеп қойып, кейін жүйе өз бетімен анықтайтын болады. Арнайы сигнал берілгенде ғана есік ашылады.

Жаңалықтар
0