АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Криптовалюта, ICO және бинарлы опциондарға қатысты тауарларды Facebook және Instagram желілерінде жарнамалауға болмайды. Бұл туралы аталған желілердің жарнама қызметі ережесінде жазылған.
"Хабарландырулар қаржылық тауарлар мен қызмет көрсетулерді, мәселен, бинарлы опциондар, ICO немесе криптовалюта сияқты күмән тудыратын тауарларды жарнамаламауы тиіс", — деп мәлімет берді Facebook.
Facebook тыйым салынған мазмұндағы жарнамаларға тыйым салуға шақырады.
Бұл ереже Facebook компаниясы 2012 жылы сатып алған Instagram желісіне де қатысты.