Қоғам

Мемлекеттік қызметкерлердің куәлігі ID-картаға ауыстырылады

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуМемлекеттік қызметкердің портфелі, архивтегі фото
Мемлекеттік қызметкердің портфелі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ID-карта пилотты режимде алдымен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде енгізіледі

АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік куәлігі ID-картаға ауыстырылады. Бұл туралы бүгін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ер адам қалтасына ақша салып жатыр, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шпекбаев сыбайлас жемқорлық қылмысын кімдер көп жасайтынын айтты
Агенттіктің 2017 жылғы жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде Алик Шпекбаев "Цифрлық агенттік" бағдарламасына тоқталды. Бағдарлама аясында мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік куәлігі енді заманауи ID-карталарға ауыстырылады. 

"Біздің алғашқы қадамымыз өз мақсатына сай қолданылмайтын және ескінің қалдығы саналатын «корочкалардан» бас тарту болады. Енді олар бірнеше функцияны қамтитын заманауи ID-карталарға ауыстырылады", — деді Шпекбаев. 

Оның айтуынша, аталған ұсыныс ведомствоға баяғыда түскенін, алайда кейінге қалдырылып келгенін айтты. 

"Қазір біз бұл бейдждерге ауыса аламыз деп санаймын. Көбіңіз шетелде шығасыздар, онда ешқандай куәлік қажет емес. Тиісінше, егер куәлік бағасына қарасаңыз – үш мың, ал мынау бейдж небәрі 500 теңге ғана тұрады. Ақша үнемдеуге болады", — деді агенттік басшысы. 

ID-карта пилотты режимде алдымен агенттік ішінде қолданысқа енгізіліп, кейін орталық және жергілікті атқарушы органдарда тарайды.


Жаңалықтар
0