Өңірлер

Қарағандылық оқушыларға сары ауру үйде дайындалған компоттан жұққан

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуАсхананың архивтегі фотосы
Асхананың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар Қарағандыда оқушылар А гепатитін неден жұқтырғанын анықтады

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Қарағандының 58-ші мектебінде білім алатын оқушыларға А гепатиті үйден әкелінген компоттан жұққан. Балалар жеміс сусынын жаңа жылдың алдында би кешінде ішіп, содан ауырған болып шықты. Бұл туралы өңірге сары аурудың өршуіне байланысты арнайы жұмыс сапармен келген бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.  

 

Медбике - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағанды облысында сары ауруға шалдыққандар саны артуда
"Оқушылар осы шара кезінде үйде дайындалған жеміс сусынын ішкен. Ауруға осы компот себеп болған. Ал ары қарай ол тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұққан. Денсаулық сақтау басқармасы гепатитті өршітпеу үшін қажетті вакциналарды алды", — дейді Жандарбек Бекшин. 

А гепатитін жұқтырғандардың саны бүгін 43 тен 51- ге жеткен. Оның 34 —і оқушы. Әсіресе, қаладағы 58-інші мектепте науқастар саны күн сайын артып жатыр. Жағдайды тұрақтандыру үшін облысқа 60 мың доза ресейлік вакцина сатылып алынбақшы. 

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қазір Қарағанды облысында қоймада осы екпенің 7 мың дозасы сақтаулы. Сары ауруға қарсы екпе науқастармен тұрмыстық қарым-қатынаста болғандар мен ауру тіркелген мектептердің 9-10 сынып оқушыларына салынады. Екпе кабинеттері бар білім орындарында арнайы кезекші медициналық топтар құрылған. Олар вакцинаны өз мектептерінде жасайды. Бір ғана 58-ші мектепте 700 баланы егу жоспарланып отыр.   


Жаңалықтар
0