Өңірлер

ОҚО-да былтыр мешіт салуға бірде-бір рұқсат берілмеген

© AFP 2024 / Kirill KUDRYAVTSEVНұр-Астана мешіті
Нұр-Астана мешіті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан былай мешіт салуға қадағалау күшейтіледі

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысында бірде-бір мешіт құрылысын жүргізуге жер бөлінген жоқ. Бұл туралы бүгін облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының өткен жылы атқарған жұмыстары баяндалған брифигте айтылды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Бұдан былай мешіт салуға қадағалау күшейтіледі. Бұл нысанға қажеттілік жоқ дегенді білдірмейді. 

Нұрлан Ермекбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр: сауапты іс жасау үшін тек мешіт салу міндетті емес
"Мәселе мешіт салатын демеушілердің таңдауында болып тұр", — дейді мамандар. Себебі, олар көбіне рұқсат берілмеген орындарды сұрайтын болып шықты. Мәселен, құлшылық ететін орындардың алшақтығы, халықтың тығыздығы сияқты тұстар ескеріле бермейді дейді жауаптылар.

Заңсыз құрылыспен күрес мамандарға да оңай соғып жатқан жоқ. Сондықтан да олар сәулеттік жобаны бекітпей құрылыс жүргізуге рұқсат бермейтін болды. Айтуларынша, өңірдегі 400-ден аса заңсыз салынған нысанның тең жартысы қызыл сызықтың бойына түскен. Инфрақұрылым жүйелеріне орналасқан нысандарды бұзуда бүгінде тиісті тараптар күш біріктіріп отыр.

Өткен жылды қорытып, есеп берген басшы орынбасары алдағы уақытта қолға алынатын ауқымды жоспарларымен де бөлісті. Айта кетейік, жыл басынан бері басқарма тарапынан 30-дан аса сәулеттік жоба әзірленген. Оның дені болашақта облыс орталығында бой көтереді.


Жаңалықтар
0