Саясат

Назарбаев Ниинистёні Финляндияның президенттік сайлауындағы жеңісімен құттықтады

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуСаули Ниинистё
Саули Ниинистё - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саули Ниинистё Финляндия Республикасының президенті лауазымына қайта сайланды

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Саули Ниинистёге Финляндия Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Финляндия президенті Сауле Ниинистё Астанаға келді - Sputnik Қазақстан
Саясат
Финляндия президенті Астананы роликпен аралады

Нұрсұлтан Назарбаев С. Ниинистёні президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік лауазымдық қызметіне табыс тіледі.

"Бұл жеңіс Финляндия халқының сізді мемлекеттің жарқын болашағы үшін қызмет ететін шынайы патриот және өз елінің бірлігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін дана да тәжірибелі саяси көшбасшысы ретінде мойындауының айқын дәлелі. Қазақстан мен Финляндия арасындағы саяси байланыстарды дамытып, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мақсатымен тығыз әрі нәтижелі іс-қимыл жасап келе жатқанымызға қуаныштымын", – делінген жеделхатта.

Жаңалықтар
0