Өңірлер

Студент өз өмірін қауіпке тігіп, үш баланы өрттен құтқарды

Жазылу
Батыл студент ерлігі үшін марапатталуы мүмкін

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Семейде құрылыс колледжі жатақханасында өрт шықты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі.

Сіріңке - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ОҚО-да молда мешітте өзіне қол салмақ болған ер адамды құтқарды

Берілген мәліметке сүйенсек, 26 қаңтарда сағат 14.22 кезінде "101"  қызметіне түскен хабарлама бойынша, құрылыс колледжінің №1 жатақханасында электрқалқан бөлмесінде электр желісі мен электр есептеуіштер өртенген.

Өрт сөндірушілер келгенше, жатақхана тұрғындары ғимараттан шыққан. Колледж қызметкерлері мен кейбір тұрғындар өрт сөндіргіштердің көмегімен жалынды сөндіреді.

Өрт толығымен сөндірілген кезде, құжаттарды жинау барысында, төртінші курс студенті Берекеев Жасұлан Талантұлының үш баланы құтқарғаны анықталды.

Колледж әкімшілігі мен Семей қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы басшылығы студенттің ерлігін атап өтіп, оны марапаттау мәселесін талқылап жатыр.


Жаңалықтар
0