Мәдениет

Димаш Құдайберген тағы бір жүлдені жеңіп алды

© Sputnik / Болат ШайхиновДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытайда Global Golden chart Awards марапаты өтті

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Жас әнші Димаш Құдайберген Қытайда "Үздік әртіс" аталымында жеңіске жетті. 

"Global Golden chart Awards марапатында "Үздік əртіс"аталымы бойынша жеңіске жеттім. Бүгін белгілі себептермен өнер көрсетпесем де, алдағы уақытта əдемі əндерімді сіздер үшін шырқайтын боламын. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!", — деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

 

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Гуанчжоу қаласында "Азияның ең танымал шетелдік әншісі" аталымы бойынша әлемдегі ең үлкен музыкалық марапаттардың бірі – MTV Music awards жүлдесін иеленген еді. Одан бөлек, Қытайда өткен Asian Music GaLa марапаттау кешінде "Ең танымал шет елдің әншісі" номинациясының иегері атанды.

Жаңалықтар
0