Қоғам

ИДМ Көкшетауда пойызда болған оқиға үшін кешірім сұрады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуТеміржол станциясындағы электр пойызы, архивтегі фото
Теміржол станциясындағы электр пойызы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрліктің Көлік комитеті тасымалдаушы компанияның атынан жолсеріктің ерсі әрекеті үшін кешірім сұрады

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Көкшетау вокзалында болған жолаушы мен жолсерік арасында болған оқиғаға байланысты талдау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.  

"Көкшетау қаласында Қарағанды – Омбы бағытындағы №143/144 жолаушылар пойызына отырғызу кезінде болған оқиғаға қатысты талдау жүргізіліп жатыр", — деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі таңда тасымалдаушы қомпания пойыз бригадасымен бірлесіп талдау жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы шеңберінде қатаң шаралар қолданылады.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Пойыз жолсерігі жолаушыға ұмытып кеткен 2 млн теңгесін қайтарып берді
"ҚР ИДМ Көлік комитеті тасымалдаушы компанияның атынан болған оқиға үшін кешірім сұрайды және осындай оқиғалардың болашақта қайталанбауы үшін қажет шаралардың барлығын қолданатынын хабарлайды", — деп түйіндеді ведомство мамандары. 

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға былай болған: 23 қаңтар күні таңертең әйел төрт жасар немересімен бірге "Омск – Қарағанды" бағытындағы пойызбен Көкшетаудан Астанаға дейін жетіп алмақ болады. Билет тексеруге келген жолсерік баланың туу туралы куәлігін сұраған, бірақ құжаттың түпнұсқасы әйелдің қолында болмағандықтан телефондағы суретін көрсеткен. Жолаушы туу туралы куәлікті Астана вокалында қарсы алатын адамдар алып келіп көрсететінін айтады. 

Жазбада жолсерік әйелге дауыс көтеріп, балағаттағаны, содан кейін жолаушының қалған құжаттарын, құндыз тоны мен сөмкесін пойыздан лақтырып жібергені айтылған. Содан кейін жолсерік әйел жолаушыны немересімен бірге аязда пойыздан итеріп түсіріп жіберген. Осы кезде көрші вагонның жолсерігі адамгершілік танытып, зәбір көрген жолаушыны немересімен бірге ала кеткен.    


Жаңалықтар
0