Қоғам

Асанов: судьяның өзі түсінбейтін сот актісін қарапайым адам қалай түсінсін?!

© Sputnik / Табылды КадырбековҚұжаттар
Құжаттар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот актісі – судья біліктілігінің көрсеткіші, сот билігінің имиджі, деп санайды Жақып Асанов

АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Сот актілері адамға түсінікті болуы керек. Бұл туралы бүгін ҚР жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Асанов судьяларға: мақтау қағазын алу үшін істеп жүрсіздер ме?

"Судьялардың біліктілігін, олардың өнімдері, яғни сот актілері көрсетеді. Жоғарғы соттың судьясы маған былай деп жазды: көптеген акті көлемді, күрделі сөйлемдерден құралған, ал құрғақ стилистика адамның сотта неге жеңілгенін түсінуге мүмкіндік бермейді. Тіпті Жоғарғы сотта судьялардың өзі "судьяның мұнымен не айтпақ болғанын, неге мұндай қорытындыға келгенін түсінбедік" деп айтады", — дейді Асанов Астанада өткен сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте.

Төраға сот актілері қарапайым азаматтарға түсінікті тілде жазылуы керектігін қадап айтты. 

"Егер біз өзіміз осылай қиналсақ, онда соны оқып, ештеңе түсінбейтін қарапайым адам туралы не айтуға болады? Ол іс жүргізу тілінде жазылады ғой. Ал, сіздер білесіздер, бұл тілді аудару керек. Сот актісі – сот төрелігінің, қаншама күш-жігер, эмоция мен қаржының нәтижесі. Сот актісі адамға түсінікті болуы керек. Өйткені біз оны адамдар үшін шығарамыз. Сот актісі – судья біліктілігінің көрсеткіші, сот билігінің имиджі", — дейді Асанов.

Жаңалықтар
0