Өңірлер

Ашуға булыққан әйел ұйқы бермеген көршісін соққыға жықты

© Sputnik / Жоомарт УраимовТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мас көршісін соққыға жыққаны үшін Шахинск тұрғыны бір жылға бостандығын шектеу жазасына кесілді

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Көршісін соққыға жыққан әйелге сот үкімі шығарылды, деп хабарлады Қарағанды облысы Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот барысында анықталғандай, сотталушы өз ауласынан көрші әйелді көрген, мас көршісі тыныштықты бұзып, ұйықтауға мұрша бермепті. Әйел адам әуелі көршісіне ескерту жасайды, сөйтіп екеуінің арасында жанжал туындаған. Сол кезде сотталушы көрші әйелді соққыға жығыпты.

Сот әйел адамның бостандығын бір жылға шектеді.

Жаңалықтар
0