АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Құтқарушылар Ақтөбе облысында жылдамдығы 30 м/c бұрқасын соғып, минус 25 градус аяз болатынын ескертті.
"Ақтөбе облысы тұрғындарына мұндай кезде алыс сапарға шығудың аса қауіпті екенін ескертеміз. Ғимарат ішінде болсаңыз, терезеге жақындамаңыз, биік жерге шықпаңыз. Дабылды ескерту туралы облыстық білім беру басқармасы мен жол қызметтеріне хабарланды", — деді Ақтөбе облысы ТЖД басшысының орынбасары Қайран Қасым баспасөз мәслихаты кезінде.
Ауа райының күр бұзылуына байланысты облыста құтқарушылар, полицейлер мен көліктік инспекция қызметкерлері "Автобус" жедел профилактикалық шарасын атқарып жатыр.