АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Тепловоз бен ГАЗельдің соқтығысуы салдарынан екі аяғынан айырылған қызға протез салуға болмайды.
Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев қатысқан брифингке сілтеме жасай отырып, "Тумба" жергілікті басылымы хабарлайды.
"Он жастағы қызға электрлі мобильді арба сатып әпермек. Дәрігерлердің айтуынша қызға протез салуға әлі ерте, өйткені ағзасы дамып, жетіліп келеді", — деп жазады басылым.
25 қарашада Маңғыстау облысында ГАЗель мен тепловоз теміржол өткелінде соқтығысты. Апат салдарынан 36 адам зардап шегіп, тоғызы қаза тапқан.
Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов зардап шеккендердің отбасына жиырма миллион теңге қаражат бөлуді тапсырған. Апаттан кейін құрылған арнайы қор тарапынан да қаржылық көмек көрсетілді.