Экономика

Ұлттық қордағы 22 млрд долларға қойылған шектеудің күші жойылды

© Photo : pixabay.comДоллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот Статиге қазақстандық тарапқа сот шығындарын өтеп беруді міндеттеді

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Голландия соты Ұлттық қордың 22 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі активтеріне шектеу қою туралы шешімнің күшін жойды, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

"2018 жылдың 23 қаңтарында Амстердам қаласы округтік соты Bank of New York Mellon банкінің кастодиалдық сақтауындағы Ұлттық қордың активтерінен шектеуді жою жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өтінішхатын қанағаттандырды", — деп жазылған хабарламада. 

Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ақышев Ұлттық қордың шетелде бұғатталған 22 млрд долларына қатысты түсініктеме берді
Сот Ұлттық банктің және процесте үшінші тарап ретінде қатысқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұстанымын мойындап, Ұлттық қорға қол сұғылмайтынын мәлімдеді.

Нидерландының сот органдары бұдан бұрын молдовалық кәсіпкер Анатол Статиге дәл осы активтерге шектеу қоюдан бас тартқан болатын. Стати бұл фактілерді жасыра отырып, сотты жаңылыстырған.

Сонымен қатар, сот Статиге қазақстандық тарапқа сот шығындарын өтеп беруді міндеттеді.

Бельгияның сот органдары да осындай алдын ала шектеу қойды. Оған шағым жасау жөніндегі жұмыс белгіленген тәртіпте жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0