Қоғам

Автобустағы өртте ажал құшқан өзбекстандықтың анасы қайғылы хабарды әлі естімеген

© AFP 2024 / MARIA ANTONOVAӘйел адам
Әйел адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбедегі автобус өрті ағайынды жігіттердің өмірін қиды

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Ақтөбе облысында өртеніп кеткен автобус ішінде Шохидон ауылынан шыққан ағалы-інілі екі жігіт қаза тапты, деп хабарлайды "Новости Узбекистана".

Ресейде қазақстандық хоккейшілер мінген автобус бұзылып қалды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақтөбедегі трагедия: заңға тасымал талабын күшейтетін өзгерістер енгізілмек

20 жастағы Шохрух Закиров пен 19 жастағы Мухаммадин Хусниддинов Ресейге жұмыс іздеп бара жатқан. Туған-туыстарының айтуынша, Закиров бұрын Мәскеуде түрік құрылыс компаниясында жұмыс істепті.

"Бауырларымның Ресейге бет алғанын, олар кеткесін бір-ақ естідім. Бейсенбі күні автобустың өртеніп кеткенін естідік. Шохрух пен Мухаммадин сол автобуста болғанына еш сенгім келмеген еді", – дейді қаза тапқан ағалы-інілі жігіттердің ағасы Мухаммадсоли Зиевиддинов.

Шохрух Закировтың әкесі тілшілерге айтқандай, ауылда автобустағы өрттен аман қалған жігіт туралы сыбыс тараған екен.

"Чиндовул қыстағының тұрғыны басқа көлікке отырып, аман қалыпты. Кейін Ресейден туыстарына хабарласқан. Негізінде ол да құрбандар қатарында болған", – дейді Закировтың әкесі Тохиржон Рахимов.

"Әйелім әлі ештеңе білмейді, айтуға қорқамыз, денсаулығы нашар. Шохрух қатты ауырып қалды деп қана айттық", – дейді марқұмның әкесі.

Жаңалықтар
0