АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Шымкентте Ұлттық ұлан жауынгерлері жүкті әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 20 қаңтар күні кешкісін болды. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызметке шыққан жетел мақсаттағы батальонның әскери жасағы ес-түссіз жатқан жүкті әйелді байқайды.
"Құрамында сержант Кенжетай Отарбай, қатардағы Тұрар Уахит және аға сержант Хамиджан Мірғазиевтер бар әскери жасақ жаяу жүргіншілер жолында жатқан азаматшаның қасына келіп, тамыр соғысын тексереді. Көп ойланбастан Отарбай азаматшаның басының астына бронды жилетін қойып, жүрек тұсына тікелей массаж жасап, жасанды тыныс береді", — деп хабарлады ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Алғашқы медициналық көмектен кейін есін жинаған жүкті әйелді тез арада жедел жәрдем Шымкенттегі облыстық ауруханаға жеткізеді. Қазіргі кезде әйел аман-есен. Ұландықтарға деген алғысы шексіз.