АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Алматы полицейлері жолаушыларды өз көлігінің жүксалғышында тасымалдаған жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Құқық бұзушылықтың видеосы әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында анықталды, деп хабарлады қалалық жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.
"Тексеру шараларын жүргізу барысында құқық бұзушы анықталды, ол жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізуші кінәсін бірден мойындады. Оқиға Сейфуллин даңғылында, Мәметова көшесімен қиылыста болған", — деп атап өтті ЖПҚ іздеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерік Насырбеков.