Қоғам

Өзбек халқы өрттен қаза болғандардың отбасыларына ақша жинап жатыр

© Sputnik50 мың сумдық купюра
50 мың сумдық купюра - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белсенділер қаза болған өзбекстандықтардың отбасылары көмекке зәру екенін хабарлады

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Өзбекстандықтар Ақтөбе облысында автобустағы өрттен қаза болғандардың отбасыларына 60 миллион сумнан  астам (2,4 миллион теңгеге жуық) қаржы жинады.   

Қайырымдылық акциясы аспаз Бахриддин Чустий мен заңгер Хушнудбек Худайбердыевтің бастамасымен қолға алынды.  

"Бір күннің ішінде 60 миллион сумнан  астам  қаржы жиналды", — деп жазды желіге Хушнудбек Худайбердыев. 

Ол қаза болған өзбекстандықтардың отбасылары көмекке зәру екенін атап өтті. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылар әр отбасыға 10 миллион сумнан (400 мың теңге шамасында) беруді жоспарлап отыр. 

Автобус, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбе облысында автобус өртеніп кетті: 52 адам ажал құшқан
Хушнудбек Худайбердыевтің айтуынша, Намаган облысы билігінің бастамасымен қаза болғандардың туыстарына 5 миллион сумнан (200 мың теңге) бөлінген. 

Сонымен қатар, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қаза болған 52 адамның отбасына бір реттік жәрдемақы беруге уәде етті.  

 Еске сала кетейік, 18 қаңтар күні сағат 10.30 кезінде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан он шақырым жерде жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Автобуста 57 адам болған. Оқиға орнында 52 адам –  Өзбекстан азаматтары қаза тапты.  


Жаңалықтар
0