Қоғам

Шымкент әкімі орысша сөйлемеген аудан басшысына неге шүйлікті?

© Photo : пресс-служба акимата ЮКО/Самат МырзалиевШымкент әкімі Нұрлан Сауранбаев
Шымкент әкімі Нұрлан Сауранбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аудан басшысынан орысша сөйлеуді талап еткен тұрғынды Шымкенті әкімі қолдады

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов жыл бойы атқарған жұмыстары жөнінде халық алдында есеп берді деп хабарлайды Rgmedia.kz. Бұл жиынға қала әкімі Нұрлан Сауранбаев та қатысты.

Бауыржан Ахметәліұлы баяндаманы мемлекеттік тілде жасады. Әйтсе де, 100 пайыз мемлекеттік тілде жасалған бұл баяндамаға жергілікті бір тұрғын наразылық танытты.

"Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашан 2 тілде сөйлейді. Әкімдік мемлекеттік мекеме болып табылады. Құрметті аудан әкімі, сіз Конституцияның бір бабын бұздыңыз", — деген тұрғын жиында ресми тіл — орыс тілінің "жетімсіреп" қалғанына көңілі толмады.

Бұл "сынға" Бауыржан Ахметәліұлы жауап бермеді. Тек жиын аяқталуға жақындағанда ғана қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қала тұрғынының наразылығына қатысты пікір білдірді:

(Қала әкімінің сөзі қаз-қалпында берілді)

"Елбасы бізге пример де көрсетіп жатыр. Везде на всех мероприятиях должны вестись на двух языках. Вот вы послание жолдауды соңғы естідіңіз ғой? Два вопросты Елбасы қазақша айтты, екі вопросты орысша айтты. Поэтому в этом отношении доступность информации и конституционные права должны всегда соблюдаться. Поэтому Бауыржан 10 балньый система, саған… сізге бәрі солай деді. Бірақ, мына жағынан я думаю есть вопросы которые… Баяндама жасағанда тағы да ішінде или дополнение обязательно нетіп неғылыңдар. Ол жағынан я думаю правильное замечание от жителя города было. Поэтому эти вопросы я думаю что надо обязательно соблюдать".

Осылай деген Нұрлан Ермекұлы қала тұрғының сөзіне қосылатынын айтып, аудан әкімі Бауыржан Ахметәліұлына ескерту жасады. Ал, атқарған жұмыстарына оң баға берді.

Жаңалықтар
0