Өңірлер

Қарағанды облысындағы ауылдан бес адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға өткен жексенбіде болған

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Бастапқы деректер бойынша, бес адамға иіс тиіп қайтыс болған, деп хабарлайды Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар жөннідегі департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Ведомство мәліметінше, 20 қаңтарда жедел қызметке қоңырау шалынып, Қарағанды облысы Дубовка ауылындағы үйден бес адамның мәйіті табылғаны хабарланған. 

"Қаза тапқан үш адамның кім екені анықталды – 1961, 1981 және 1984 жылы туған әйелдер. Қалған екеуінің кім екенін анықтау мақсатында шаралар атқарылып жатыр. Бастапқы деректер бойынша, пештің бұзылу салдарынан тұрғындарға иіс тиіп қалған", — деп хабарлады Дәуренбекова.

Сонымен бірге, қаза тапқандардың мас болғаны белгілі болды.

Жаңалықтар
0