АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Қара теңіз арқылы елге келген ауқымды әрі аса суық антициклон Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңіріне ығысады. Бұл антициклон салдарынан республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында арктикалық суық ауа райы қалыптасады, деп хабарлайды Қазгидромет.
"Алдағы үш тәулікте орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарда аяз күшейеді. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі температура —40-45 градусқа, оңтүстік және оңтүстік-шығыста —28-33 градусқа дейін төмендейді, бұл климаттық нормамен салыстырғанда 10-18 градусқа суық болатынын білдіреді", — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты дабылды ескерту 26 қаңтарға дейін жарияланған. Қауіпcіздік мақсатында табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар кезінде ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ақыл-кеңесін ұстанған жөн.