Оқиға

Алматы орталығында қымбат көлік отқа оранды

© Photo : pixabay.comӨртеніп жатқан автокөлік
Өртеніп жатқан автокөлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жексенбі күні таңертең қала көшелерінің бірінде BMW Х5 көлігінің қозғалтқышынан өрт шыққан

АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Алматыда жексенбі күні таңертең автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық ТЖ департаментінің ресми өкілі  Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Оның мәліметінше, 21 қаңтар күні сағат 8:25-те құтқарушыларға Райымбек және Назарбаев даңғылдарының қиылысында автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Жеті минуттан кейін оқиға орнында болған өрт сөндірушілер бұл ақпаратты растады.

"BMW Х5 маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салонындағы үш шаршы метр аумаққа жалын шарпыған", — деп хабарлады Баймұхамбетова.

Өрт сағат 8:34-те ауыздықталып, тағы алты минуттан кейін толығымен сөндірілген.   

Жаңалықтар
0