АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Оңтүстік Африка Республикасында анасы қайтыс болған соң 10 күннен кейін өлі нәресте дүниеге келді деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Times Live газетіне сілтеме жасай отырып.
Елдің шығысындағы Мбизана өңірінде зират қызметкерлері жерлеу кезінде 33 жастағы Номвелисо Номасонто Мдойидың денесі жатқан табыттан өлі туған сәбиді тауып алады.
"Біз қатты шошып қалдық, баланың қыз не ұл екенін де сұрамадық. Осы жерде жұмыс істеп жүрген 20 жылда мұндайды естіп-көрген емеспін", — дейді бейіт қызметкерлерінің бірі.
Әйелдің туыстары оның үйде тұншығып қайтыс болған кезде жүктіліктің тоғызыншы айында болғанын айтты. Анасы мен баласы бір табыттың ішінде жерленді.
Мамандардың айтуынша, әйел өлгеннен кейін бұлшық еттері босаңсып, бала анасының құрсағынан шығуы мүмкін.