Өңірлер

Өзбекстан өрттен зардап шеккендерге көмектескені үшін Қазақстанға алғыс айтты

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКАқтөбе облысында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды
Ақтөбе облысында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнында мән-жайды зерттеп, трагедияның себебін анықтайтын арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Өзбекстан Ақтөбе облысында болған қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсетіп, оның себептерін анықтауға атсалысқаны үшін Қазақстанға алғыс айтты, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

18 қаңтарда Ақтөбеге Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрі Рустам Джураев бастаған делегация келген болатын. Оның құрамына денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктерінің қызметкерлері мен дипломаттар кірді.

Жанып жатқан автобус, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбедегі трагедия: қаза болған 32 жолаушының кім екені анықталды
"Төтенше оқиға болып, салдарынан Өзбекстан Республикасының азаматтары қаза болды. Ең алдымен, біз Қазақстан президентіне, үкіметке, жұмысқа қолайлы жағдай жасаған барлық мемлекеттік органға ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Қазақстан тарапының қолдауымен тергеу шараларының жедел өтетініне және зардап шеккендер мен қаза болғандарды отанына жеткізу үшін қажет барлық мәселе шешілетініне сенеміз", — деді Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Тимур Рахымов. 

Қазіргі таңда қайғылы оқиғаның себебін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында прокуратура, облыс әкімдігі, ішкі істер, төтенше жағдайлар мен басқа да органдардың сексеннен аса қызметкері жұмыс істеуде.  Отыз техника жұмылдырылды.


Жаңалықтар
0