Спорт

Бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинді сынға алды

© AP Photo / Frank Franklin IIГеннадий Головкин мен Дэниел Джейкобстың жекпе-жегі
Геннадий Головкин мен  Дэниел Джейкобстың жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дмитрий Пирогтың пікірінше, Головкин боксшы ретінде дамып жатқан жоқ

АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Дмитрий Пирог (20-0, 15 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Сауль Канело Альварес (сол жақта) пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин-Альварес реваншы: "Канело" келісімшарттың талабымен келісті
"HBO Головкиннен құбыжық жасады. Телеарна да, сарапшылар да оны әр жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтайтын құбыжыққа теңеді. Тіпті, Майк Тайсонның жас кезіне ұқсатты. Оның мексикалық мәнерде жұдырықтасатынын айтты. Бірақ менің байқауым бойынша, Гена бұл образға кіріп кеткені соншалық, барлығы психологиялық тұрғыда жұмыс істейді. 

Головкин, өкінінше қарай, боксшы ретінде дамып жатқан жоқ. Өз басым мұны көрмедім", — деді Дмитрий Пирог ресейлік тілші Владислав Усачевтің YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда өтеді деп жоспарланып отыр.  


Жаңалықтар
0