АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Автобустағы өрттен қаза болған 52 Өзбекстан азаматының денесі Ақтөбеге жеткізілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ырғыз ауданындағы оқиға орнына Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрі Рустам Жураев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың қызметкерлері барады.
"Ақтөбе облысының әкімдігі барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Қазақстандық сарапшылар өзбекстандық әріптестерімен бірге сот-медицина сараптамасын жүргізіп жатыр", — деп жазылған хабарламада.
Бейсенбі үкіметтік ведомствоаралық комиссия өкілдері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығының Өзбекстаннан келген делегациямен өткен кездесуінде екі тараптың бірлескен іс-әрекеттері талқыланды.
Өзбекстанның өкілдері жан-жақты көмек көрсетіп жатқан қазақстандық әріптестеріне алғыс білдірді.
Еске сала кетсек, бейсенбі 18 қаңтарда сағат 10.30 кезінде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан он шақырым жерде жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Автобуста 57 адам болған. Оқиға орнында 52 адам – Өзбекстан азаматтары қаза тапты.