Өңірлер

Петропавлда өрт сөндіру көлігі аударылып қалды – видео

© Photo : паблик SKOPETRO в соцсетяхӨрт сөндіру көлігі аударылып қалды
Өрт сөндіру көлігі аударылып қалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқыс оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik.  Петропавлдағы орталық көшелердің бірінде өрт сөндіру көлігі аударылып қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.    

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 18 қаңтар күні сағат 23.15-те болған. 

"Петропавлда корпусты жиһаз құрастыру цехының аумағындағы өртті сөндіруге бара жатқан Солтүстік Қазақстан облысы өрт сөндіру қызметінің автоцистернасы ауа райының қолайсыздығы (қатты көктайғақ) салдарынан аударылып кетті", — деп түсіндірді ТЖД мамандары.

Ведомство оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. Себебі мен материалдық шығын анықталып жатыр.   

Жаңалықтар
0