Қоғам

Астанада ерлі-зайыпты 6 миллион теңгеге бүйрек сатпақшы болған

© AFP 2024 / Rodger BoschҚолымен бетін жауып отырған ер адам, архивтегі фото
Қолымен бетін жауып отырған ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот ерлі-зайыптыны кінәлі деп танып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды

АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Ерлі-зайыпты интернет арқылы 6 миллион теңгеге бүйрек сатпақшы болған, деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

"2017 жылы Астана қаласының тұрғыны күйеуінің бір бүйрегін 6 миллион теңгеге сату мақсатында ғаламтордағы сайттарға арнайы хабарлама берген. Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ерлі-зайыпты Е. қатысты қылмыстық іс қаралды", — деп жазылған хабарламада.

№1 қалалық ауруханасы трансплантология және гепатобилиарлық хирургия бөлімшесінің жетекшісі Абылай Донбай - Sputnik Қазақстан
Трансплантолог Абылай Донбай: бәріміз де донор бола аламыз
Соттың мәліметінше, олар тірі органды сату бойынша заңсыз шарт жасасып, сатып алушыдан 6 000 000 теңге алған.

Сот үкімімен ерлі-зайыпты ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 166-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оларға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 


Жаңалықтар
0