Өңірлер

Шенеуніктер жеке парақшасынан "бейәдеп" суреттерді жоюға міндеттелді

© AFP 2024 / Thomas CoexInstagram
Instagram - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстан шенеуніктерінің беделіне нұқсан келтіретін суреттердің пайда болуына Жаңа жылды тойлау себеп болған

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының шенеуніктері мемлекеттік істер департаментінің пікірі бойынша "бейәдеп" деп танылған суреттерді жоюға мәжбүр болды. Жаңа жылдан кейін өңірлік департамент қызметкерлері қарқынды жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Петропавловск.news.

Бердібек Сапарбаев. Архивтегі фото - рекадр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Сапарбаев әлеуметтік желіде жауап бермейтін шенеуніктерді сынға алды

Танымал әлеуметтік желілердегі, оның ішінде Instagram парақшаларындағы мемлекеттік қызметкерлердің жаңажылдық отырыста түскен суреттері этикалық кодекстің нормаларына қайшы келеді. Мемлекеттік істер департаменті шенеуніктердің жеке парақшасын тексеру барысында ішімдікпен түскен суреттерді қатал сынға алды.

Петропавлдағы брифинг барысында департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев облыстық денсаулық сақтау департаменті қызметкерін мысалға келтірді. Оның айтуынша, шенеунік әйелдің ішімдіксіз түскен суреті жоқ екен: біресе сыра, біресе бір бөтелке арақ ұстап түсіпті.

Тағы бір шенеуніктің "жартылай жалаңаш" күйде қару құшақтап жатқан суреті табылған. Фотолар түгел жойылып, қызметкерлер арасында профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Жаңалықтар
0