Оқиға

Ақтөбеде автобустың өртену себебін үкіметтік комиссия анықтайды

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКАқтөбе облысында автобус өртеніп кетті
Ақтөбе облысында автобус өртеніп кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арнайы комиссияның құрамына ІІМ, Денсаулық сақтау, Инвестициялар және даму министрліктері басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ СІМ және Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері кірді

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Ведомствоаралық комиссия 52 адам қаза тапқан автобустағы өрттің себебін анықтайды, деп хабарлады ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат депатаментінің директоры Алмас Садубаев. 

Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбеде автобустағы өрттен аман қалғандардың аты-жөні белгілі болды

"Ақтөбе облысындағы өрттің себебін анықтап, қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсету үшін арнайы үкіметтік ведомствоаралық комисия құрылды", — деп хабарлады Садубаев. 

Комиссия құрамына ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев, денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, сыртқы істер министрлігінің департамент директоры Ардақ Мәдиев, сондай-ақ құқық қорғау және басқа органдардың өкілдері кірді. 

"Икарус" жолаушылар автобусында өрт шыққан. Автобустың ішінде 57 адам болған.  Оқиға орнында 52 адам қаза тапты, олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Бес адам аман қалып отыр, қолдарын ғана күйік шалған.
Жаңалықтар
0